Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Бірақ бұл Сен үшін әлі де аз болып көрінді, о, Жаратушы Тәңір Ием. Сен алдыңдағы пендеңнің келер ұрпақтарының болашағы туралы да айтып бердің. Әлде Сен әдетте адам баласына осылай әрекет етесің бе? Уа, Жаратушы Тәңір Ием, Осы кезде Сүлеймен бір үлкен той жасады. Бүкіл Исраил халқы: солтүстіктегі Лебо-Хамат қаласынан бастап, Мысырмен шекарадағы өзеннің аңғарына дейінгі зор аралықтағы барлық жерден жиналған қалың қауым Құдайымыз Жаратқан Иенің алдында он төрт күн бойы Сүлейменмен бірге той тойлады: жеті күн ғибадатхананы Құдайға бағыштау рәсімін және тағы жеті күн Күркелер мейрамын өткізуге арналған болатын. Патша қаһарланып орнынан ұшып тұрды да, шарабын қалдырып, сарайдың саябағына шығып кетті. Ал Хаман патшаның өзін құртуға шешім қабылдағанын көріп, Естер патшайымнан өмірін сақтап қалуын сұрап жалбарыну үшін, сол жерде қалып қойды. Содан Хаман Естердің жантайып жатқан төсегіне құлай кетті. Дәл сол кезде патша саябақтан қонақасы бөлмесіне қайта кіріп келе жатты. Патша: «Ол тіпті сарайда менің қасымда болып патшайымды зорламақшы ма?!» — деп айқайлап жіберді.Патшаның аузынан осы сөз шыға салысымен-ақ күзетшілер Хаманның бетін бүркеп тастады.
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода