Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Сонда Самуил:— Жаратқан Ие бүгін сенен патшалық билікті жұлып алып, замандастарыңның біреуіне берді! Сол адам сенен жақсы. Енді сендер патшаның атынан яһудилер туралы өздерің мақұл көргендеріңді жазып, соны патшаның мөрлі жүзігімен бекітіңдер! Өйткені патшаның атынан жазылып, патшаның мөрлі жүзігімен бекітілген ешбір жарлықтың күшін жоюға болмайды. Осылайша, уа, патша ағзам, бұл жарлықты бекіте көріңіз. Мидиялықтар мен парсылардың ешқашан күшінен айырылмайтын заңына сәйкес оны ешкім өзгерте алмастай етіп жазбаша түрде шығарта көріңіз. Дарий патша бұл жарлықты жазбаша шығартып, бекітті. Сонда әлгілер:— Яһудадан жер аударылып келгендердің бірі — Даниял не сіздің өзіңізге, не шығарған жарлығыңызға пысқырып та қарамайды! Ол әлі де күніне үш рет өзінің Құдайына бас ұрып мінажат етіп келеді! — деп шағым айтты. Содан патшаның әмірімен Даниял әкелініп, арыстандар қамалған апанға тасталды. Патша соның алдында Даниялға: «Сен өз Құдайыңа үздіксіз қызмет етіп келдің. Енді Ол сені құтқара көрсін!» — деген тілегін білдірген еді.
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода