Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Олар көңіл көтеріп, мәз болып отырғанда: «Самсонды шақырып алып келіңдер, ол бізге өнерін көрсетсін!» — десті. Оны түрмеден алдыртып, ол солардың алдында ойнап қызық көрсетті.Бұдан кейін оны ғибадатхана бағаналарының ортасына тұрғызып қойды. Әбигел үйіне қайтып келгенде, Набал патшаның тойындай етіп дүркіретіп той өткізіп жатыр екен. Көңілі көтеріңкі, өзі әбден мас болып алыпты. Әйелі оған таңертеңге дейін ләм-мим деген жоқ. Ал Абессалом өзінің қызметшілеріне мынандай бұйрық беріп қойған болатын:— Бері қараңдар! Амнон шарапқа тойып, қызып алғанда, мен: «Амнонды шауып тастаңдар!» деп бұйырамын, сонда оны шауып өлтіріңдер! Қорықпаңдар, бұны сендерге бұйырып отырған өзіммін! Батыл да ержүрек болыңдар! Өзіңнен тарайтын ұрпақтарыңның кейбіреулері де сол елге әкетіледі. Бабылдықтар оларды белінен айырып азбанқұл қылып, Бабыл патшасының сарай қызметшілері етіп қояды! — Мардохай патша қақпасында қызмет етіп жүрген сол күндердің бірінде кіреберісті күзететін екі сарай қызметкері бірдеңеге патшаға өкпелеп ашуланып қалды. Олардың есімдері Бигтана және Тәреш болатын. Содан екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырды. Сонда кіреберісті күзеткен Бигтана мен Тәреш есімді екі сарай қызметкерінің қаскүнемдігін Мардохайдың әшкерелегені туралы жазылған баяндама табылды. Сол екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырған болатын. Патшаның қасында жүрген Харбона есімді сарай қызметкері былай деді:— Хаманның үйінің қасында биіктігі елу шынтақ дар ағашы тұр! Хаман соны патшаның игілігі үшін сөз сөйлеген Мардохайға арнап құрғызып қойған болатын. — Патша:— Сол дарға оның өзін асыңдар! — деп бұйырды. Бабыл патшасы сондай-ақ өзінің сарай қызметкерлерін басқаратын уәзірі Ашпеназға исраилдік патша әулетінен және ақсүйек тұқымынан шыққан бірнеше жасөспірім баланы Иерусалимнен алып келуге бұйырды.
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода