Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Параллельные места
Үш күн өткен соң перғауынның туған күні болып, ол күллі нөкерлеріне той жасады. Сонда патша бас шарапшысы мен бас наубайшысын түрмеден шығарып алдыртып, нөкерлерінің алдында Сүлеймен оянып, мұның түсі екенін ұқты. Ол Иерусалимге қайта оралып, Жаратқан Иенің Келісім сандығының алдына барды. Сол жерде ол Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін және Онымен қарым-қатынасына ризашылық білдіретін құрбандықтар ұсынды. Мұнан кейін өзінің барлық нөкерлері үшін үлкен той жасады. Көп жылдан кейін Белшазар патша өзінің қол астындағы бір мың басшы-ұлығына арнап үлкен қонақасы беріп, сонда бәрінің көз алдында шарап іше бастады. Содан патша барлық әміршілері мен қызметкерлеріне арнап үлкен қонақасы беріп, Естердің тойын жасады. Ол, сондай-ақ, аймақтарға демалыс күнін жариялатып, патшалық жомарттықпен сыйлықтар үлестірді. Ақырында Иродияға зұлым ниетін жүзеге асырудың орайы түскен еді: Ирод өзінің туған күнінде уәзірлері, мыңбасылары және Ғалилеяның өзге көрнекті адамдарына арнап той жасады.
Есфирь
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Выбор основного перевода