Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Жоғабтың жасағы Әбел-Бет-Махаға жетіп, оны қоршап алды. Олар қаланы басып алу үшін қаланың сыртқы қамал қабырғасына қарсы үймек үйді. Жоғабтың жанындағы жасақтың барлығы қабырғаны құлату үшін оны соққылап қирата бастады. Сонда бір ақылды әйел қала ішінен былай деп дауыстады:— Тыңдаңдар, тыңдаңдаршы! Жоғабты осында шақырыңдаршы! Онымен сөйлескім келеді. — Әйел бүкіл халқымен сөйлесіп, дана ақыл-кеңес берді. Олар бүлікшіл Шебаның басын шауып алып, оны Жоғабқа лақтырып жіберді. Жоғаб осыдан кейін керней тартып белгі берді. Барлық адамдары қаладан шегініп, үйлеріне тарап кетті. Жоғабтың өзі Иерусалимдегі патшаның жанына қайтып барды. Сол түні патшадан ұйқы қашты. Сондықтан ол болған оқиғалар баяндалып сақталатын жылнама кітабын әкелуді бұйырды. Хатшы патшаға сол кітаптан оқып берді. Сонда кіреберісті күзеткен Бигтана мен Тәреш есімді екі сарай қызметкерінің қаскүнемдігін Мардохайдың әшкерелегені туралы жазылған баяндама табылды. Сол екеуі Ахасуер патшаның көзін құртуды ойластырған болатын. Соңында патша:— Сол Мардохайға осы үшін қандай сый-құрмет көрсетілді? — деп сұрады. Патшаның қасында қызмет көрсететін жас малайлары:— Оған ештеңе де істелген жоқ, — деп жауап берді. Күштілердің қаласын кемеңгер басып алар,Олар сенген қамалдың күл-талқанын шығарар. Дананың қуаты басым болар,Білгірдің күші нығайып толар. Мазақшылдар қаланы даурықтырар,Даналар ашу-ызаны басар. Ақымақ сияқты, дана жан да жұрт есінде ұзаққа қалмайды. Болашақ күндерде бәрі де ұмытылады. Ақымақ сияқты, дана жан да өлуге тиіс. Қарт болғанмен ақылсыз, әрі берген кеңесті тыңдамайтын патшадан гөрі, кедей де болса ақылды жас артық. «Өз даналығы данышпанды қаланың он басшысынан да күшті етер» делінген. Мұнан кейін мынаған көз салдым: Киелі орынға келіп-кетіп, қалада мақтау алып жүретін кейбір зұлымдар өлгенде құрметпен қабірге қойылды. Бұл да ақылға сыймайтын жайт. «Даналық соғыс қаруларынан қуатты болар, ал бір күнәкар көп игілікті құртар».
Выбор основного перевода