Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Олардың құлақтарына үрейлі дауыстар естіледі. Тыныштық кезінде-ақ оларға құртушы келіп шүйіледі. Бұтағын жайып, тереңге тамырлағанЗор ағаштай сұм да қатал жанды байқағам, Енді міне, ол уақыты өтіп жоқ болған,Іздесем де, оны мүлдем таба алман. Олар күтпеген жерден талқандалады,Зәрелері ұшып, жойылып, жоғалады. Садақ оғы әлі бауырына қадалмай,Тұзаққа зымырай ұшқан құстай,Өмірмен қоштасарын кетті ол ұғынбай. Мақтанба ертеңгі күніңмен,Сол күннің не әкелерін білмейсің сен. Зұлым күнәсімен өзіне тор құрар,Әділ қуанып, көңілді ән салар. Ал пенде кейін не болатынын білмейді, әрі болашақтың қалай болатынын оған кім айта алады? Қорқыныштан қашатындар орға түседі, ал ордан өрмелеп шыққандар тұзаққа түседі.Себебі «аспан қақпалары» айқара ашылып, жердің негізі сілкінеді! Бірақ Құдай оған: «Ей, түйсіксіз пенде, бүгін түнде жаның алынады! Сонда сенің жиып-тергенің кімге қалады?» — дейді. Белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын! Алайда өздеріңе сақ болыңдар: той-думан жасап, мас болып немесе күнделікті тұрмысты уайымдап, жүректерің шеменденіп кетпесін! Әйтпесе Менің қайта оралатын күнім сендерге қапылыста келеді. Себебі сол күн жер бетінде тұрғандардың бәрінің басына түскен тор сияқты кенеттен туа қалады. Сондықтан Құдай берген «рухани қару-жарақтың» бәрін асыныңдар! Сөйтіп зұлым күштер шабуыл жасаған күні қарсы тұрып, ақырына дейін күресіп, жеңіп шыға аласыңдар. Жұрт «Бәрі тыныш, қауіпсіз» деп жүргенде, апат аяғы ауыр әйелдің толғағындай табан астынан болады. Сонда ешкім қашып құтыла алмайды.
Выбор основного перевода