Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
«Жарлылар жапа шегіп, кедейлер де күрсінеді,Енді орнымнан тұрамын! — дейді Жаратқан Ие, —Қауіптен қорғаймын Мен жәбір көргендерді». Жұрт былай дер: «Рас, әділ жан сыйын алады,Жерде шынымен Құдай үкім шығарады!» (Асафтың жыры.)Құдай үлкен мәжілісін басқарады,Сонда Ол билерге үкім шығарады: Мен, сондай-ақ, осы өткінші дүниеде тағы мынаны да байқадым: Әділдік іске асуға тиіс орында — зұлымдық, әрі әділет орындалуға тиіс жерде сұмдық жүреді екен! Мен қайтадан көз салып, осы өткінші дүниеде жасалған әр түрлі зорлық-зомбылықты көрдім. Жапа шеккен бейшаралар көз жастарын төгіп жыласа да, оларды жұбататын ешкім жоқ екен! Қанаушылары зор күш-қуатқа ие, ал қаналғандарға жаны ашып, қолдайтын ешкім де жоқ болды! Ал сендер, қожайындар, қызметшілеріңе осылай қарап, қатаңдықты жұмсартыңдар! Көкте олардың да, өздеріңнің де Қожайындарыңның бар екенін білесіңдер. Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.
Выбор основного перевода