Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Құдай Иеңе қандай да бір ант берген болсаң, оны орындауды кешіктірме! Себебі Құдай Иең оны сенен талап ететін болады. Егер орындамасаң, Оның алдында күнәлі болып қаласың. Егер ант бермеген болсаң, күнәлі болмайсың. Ал аузыңнан шыққан уәделеріңнің бәрін орындауға мұқият бол, себебі сен Құдай Иеңе ерікті түрде өз аузыңмен ант бердің. Егер біреудің жүзімдігіне кірсең, сол жерде қалағаныңша жүзім жеуіңе болады. Бірақ одан ыдысыңа салып алып кетуші болма. Егер бір адам Жаратқан Иеге бір нәрсені ұсынуға не бір нәрседен бас тартуға ант етсе, я болмаса біреуге берген сөзін сертпен байласа, онда ол өзінің берген уәдесін бұзбай, аузынан шыққанының бәрін де орындауға тиісті болады. Жоқ, тарту қылып мақтау ұсын Құдайға,Берген сертіңді орында Алла Тағалаға. Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын. Қасірет кезінде аузымнан шыққан,Қиындыққа тап болғанда тілім айтқан,Саған берген сертімді іске асырамын,Өртелмек құрбандықпен үйіңе барамын. Ей, айбатты Құдайдың маңындағылар,Жаратқан Иелеріңе беріңдер анттар,Әрі соларыңды мұқият орындаңдар,Барлығың Оған тартулар ұсыныңдар!
Выбор основного перевода