Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Бақытсыздың қай күні де қайғыдан арылмас,Қуанышты жанның тойы тарқамас. Көзім түсіп, ұнатқанның ешқайсысынан бас тартқан жоқпын. Ешқандай көңіл көтеруден де шет қалған емеспін. Бірақ та жан дүниемнің басты қуанышы атқарған еңбегім болды. Ал еңбегімнің қызығы сол еңбектің өзі ғана еді. Ол өмір бойы міндетін өтеп, азап пен мехнат шегіп жүреді, тіпті түнде де оның ақыл-санасы толықтай тынықпайды. Бұл да бекершілік. Адам баласына ішіп-жеуден әрі атқарған еңбегінен рақат табудан артық ештеңе жоқ екен. Бұларды да Құдайдың бергеніне көзім жетті. Адам үшін шаттану мен жақсылық жасаудан артық ештеңенің жоқ екенін ұқтым. Осылай әрбір адам ішіп-жеп, еткен еңбегінен қанағат тапсын. Бұл да Құдайдың берген сыйы. Сонымен еткен еңбегінен қанағат табу адам үшін ең жақсы нәрсе екеніне көзім жетті. Бұл оның үлесіне тиген. Өйткені кейінірек болатын жайттарды оған кім көрсете алады? Сондықтан мен адамға өмірдің қызығын көріп қалуға кеңес беремін, өйткені осы өткінші дүниеде пендеге ішіп-жеп, қуанышқа бөленуден артық ештеңе жоқ. Сөйтіп ол Құдайдың өзіне осы дүниеде өлшеп берген күндерінде ауыр еңбек еткенде қанағат табатын болады.
Выбор основного перевода