Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Жасым қазір сексенде. Ненің жағымды, ненің жағымсыз екенін айырудан, ішкен-жегенімнің дәмін сезуден де қалдым. Тіпті әнші жігіттер мен қыздардың салған әндерін ести алмайтын халге жеттім. Ендеше мен патша иемді әуреге салмай-ақ қояйын. Алдыңыздағы қызметшіңіз сізді Иорданның арғы жағына біразға дейін жолға шығарып салмақшы еді. Ал патшам неге маған осыншама зор сый көрсетуге тиіс? Сүлеймен патша (солтүстік-шығыстағы) Евфрат өзенінен (оңтүстік-батыстағы) філістірлер елі мен Мысыр шекарасына дейінгі барлық патшалықтарға билік жүргізді. Сол елдер Сүлейменнің көзі тірісінде оған алым-салықтарын төлеп, тәуелді болды. Олар кемемен (Қызыл теңіз арқылы) Опыр жеріне жүзіп барып, сол жақтан төрт жүз жиырма ат басындай алтын алып келіп, Сүлеймен патшаның қолына тапсырды. Сәба патшайымы осылай деп, Сүлеймен патшаға жүз жиырма ат басындай алтын, орасан зор мөлшерде хош иісті заттар мен асыл тастарды тарту етті. Осы Сәба патшайымының Сүлеймен патшаға сыйлағанындай мөлшердегі хош иісті заттар бұдан былай ешқашан елге әкелінген емес. Сол сияқты, Хирамның Опыр жерінен алтын алып келген кемелері сол жерден өте көп мөлшерде қызыл сандал ағашының бөренелері мен қымбат бағалы тастарды да алып келетін. Сүлеймен жыл сайын қабылдайтын алтынның мөлшері алты жүз алпыс алты ат басындай болды. Сүлеймен патшаның сусын ішетін ыдыстарының бәрі алтыннан, ал «Ливан орманы сарайындағы» ыдыстары саф алтыннан жасалды. Ешбір ыдыс күмістен жасалмады, өйткені Сүлейменнің заманында күміс құнсыз зат деп саналатын. Себебі патша өзінің үлкен сауда кемелерін (Тир патшасы) Хирамның кемелерімен бірге әр үш жылда бір рет алыс сапарға жіберіп, олар алтын, күміс, піл сүйегін, маймылдар және тауыс құстарын алып келетін. Патша Иерусалимде күмісті тас сияқты үйреншікті нәрсе, әрі шетелден әкелінетін самырсындарды өз еліндегі төменгі қыраттарда өсетін тұт ағаштарындай мол етті. Жалпы, Сүлейменнің патша тұқымынан шыққан жеті жүз жұбайы және тағы үш жүз кәнизагы болды. Олар оны тура жолдан тайдырып әкетіп адастырды. Ахаб:— Мұны Ол кім арқылы іске асырмақ? — деп сұрады. Пайғамбар оған:— Жаратқан Ие мынаны айтады: аймақ әкімдеріне қарасты жас жігіттер арқылы, — деп жауап берді. Ахаб қайтадан:— Ал шайқасты кім бастайды? — деп сұрағанда, пайғамбар:— Сіз өзіңіз, — деді. Еремия пайғамбар Жосия туралы жоқтау жырын шығарды. Осы күнге дейін еркек, әйел әншілер Жосия марқұмға арналған жоқтау жырларын айтып келеді. Бұларды орындау Исраилде дәстүрге айналды. Олар Жоқтау жырларының жинағына енді.
Выбор основного перевода