Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сондай-ақ, ғибадатхананың қасындағы қорғанның қақпаларын, қаланың қабырғасын және өзіме үй салдыру үшін бөренелер берсін деп патшаның орманын басқарушы Асафқа арналған бір хатты да жаздырып берсеңіз екен.Құдайдың шапағатты мейірімімен патша осы сұрағандарымның бәрін де берді. Көтерілші, самал желім, солтүстіктен,Сондай-ақ, жылы желім, оңтүстіктен,Өзімнің бақшама соғып келсеңші,Жұпарларын оның тарата берсеңші!Сүйген жарым өз бақшасына келсін,Тәтті жемістерінен таңдап жесін! (Күйеу:)Міне, мен өз бақшама кіріп алдым,Уа, қымбаттым, менің сүйген жарым!Мүрім мен дәмдеуішімді жинап алдым,Сондай тәтті балымнан ішіп тұрмын,Шарап пен сүтімнің дәмін татып тұрмын.(Құрбылар:)Уа, достарымыз, кәне, ішіп-жеңдер,Уа, ғашықтар, тоя іше беріңдер!(Жас келін:) Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.Жүзім бұталары бүршік жарды ма,Анар ағаштары гүлдей бастады ма,Соны біліп келуге шықтым далаға.
Выбор основного перевода