Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сүлеймен он үш жыл бойы өзіне патшалық сарай салып, оны да бітірді. «Ливан орманы сарайы» деп аталған ғимараттың ұзындығы жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақтан болды. Оның төрт қатар самырсын бағаналарына арқалық самырсын бөренелері бекітілді. Сарайдың төбесі самырсынмен жабылды. Бағаналарға бекітілген арқалық бөренелердің үстінде қырық бес бөлме, әр қатарда он бес бөлмеден, болды. Терезелер ғимараттың қарама-қарсы қабырғаларында әр қабырғада үш қатардан орнатылды. Есік-терезе ойықтарындағы жақтаулар төрт бұрышты етіп жасалды. Бір жақ қабырғадағы үш қатар болып орналасқан терезелер қарама-қарсы қабырғадағы үш қатар терезелермен тұстас болып тұрды. Сүлеймен бағаналы мәжілісхана да тұрғызды. Оның ұзындығы елу, ені отыз шынтақ еді. Оның алдында үсті жабылған бағаналы кіреберіс болды. Сүлеймен өзінің патшалық тағы орналасқан бағаналы ғимаратты да салғызды. Өзі үкім шығаратын осы «Әділет сарайының» іші еденінен төбесіне дейін самырсын тақтайларымен қапталды. Әділет сарайының ар жағындағы аулада орналасқан, Сүлейменнің өзі тұратын сарайы осыған ұқсас жобамен жасалды. Ол Мысыр патшасының қызы — өз әйеліне де арнап сол жобамен бағаналы сарай салып берді. Осы ғимараттардың барлығы олардың іргетасынан қабырғаларының жоғарғы шетіне дейін және сырт жағынан үлкен аулаға дейін ішкі, сыртқы жағы да өлшемге сәйкестендіріліп, арамен кесілген қымбат тастардан салынды. Ғимараттардың іргетасы осы сияқты жақсы өңделген қымбат тастардан қаланды. Олар ұзындығы он не сегіз шынтақ дәу тастар болды. Осы іргелі тастардың үстінде өлшемге сәйкес кесілген басқа да өңделген тастар мен самырсын бөренелер болды. Патша сарайының үлкен ауласы мен қабырғаларын салғанда, шеберлер Жаратқан Иенің киелі үйінің ішкі ауласы мен ашық кіреберісінің қабырғалары сияқты, үш қабат өңделген тастарды бір қабат самырсын бөренелерімен кезектестіріп қаластырды. Оның жүзім бақтарын рамақтық Шимей, ал шарап қоймаларын шефамдық Забди басқаратын. Өзім берік қабырғаға ұқсаймын,Һәм мұнарадай тіп-тік қос анарым.Содан оның көзінде кемелді болдым. Бағал-Хамонда Сүлейменнің жүзімдігі болған,Соны бағуды бағбандарға тапсырған.Әрқайсысы соның жемісі үшінМың мысқал күмістен төлеп берсін.
Выбор основного перевода