Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сүлеймен үш мың нақыл сөз айтып, бір мың бес ән-жыр құрастырды. Жаратқан Ие Өзі уәде еткендей Сүлейменге асқан даналық сыйлаған болатын. Сүлеймен мен Хирамның арасында бейбіт қарым-қатынас орнап, екеуі өзара келісім жасасты. Сүлейменнің бірсыпыра нақыл сөздері:Ақылды бала — әкесінің сүйініші,Ақылсыз бала — шешесінің күйініші. Мұнда Иерусалимде патша әрі даналықты уағыздаушы болған Дәуіт ұлының сөздері берілген. Даналықты уағыздаушы, мен, Иерусалим қаласында Исраилге патшалық құрдым. Мен өзімді шын жүректен осы дүниеде болып жатқан нәрселерді зерттеп ұғынып, ақыл-парасатпен сынап ашуға арнадым. Құдайдың адам баласына артқан жүгі қандай ауыр! Осы өткінші дүниеде істеліп жатқан істердің бәріне назар аудардым: олардың барлығы да жел соңынан қуғандай бекершілік екен! «Бұрмаланғанды түзетуге болмайды, жоқ болып кеткенді бар деп те есептеуге болмайды». Мен іштей: «Өзімнен бұрын Иерусалимге билік жүргізгендерге қарағанда мен ұлырақ болып, даналықты молайттым. Ақыл-парасат пен білімді молынан үйреніп алдым», — деп ойлайтынмын. Сондықтан мен даналық пен білім әрі топастық пен ақымақтық туралы мүмкіндігінше көбірек біліп алуға көңіл бөлдім. Бірақ бұның да жел соңынан қуғандай бекершілік екенін ұғындым. Өйткені «адам көбірек түсінген сайын түңіле түседі, көбірек білген сайын күйіне түседі».
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Выбор основного перевода