Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді. Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың!» Құдай Ие адамға және оның әйеліне хайуандардың терілерінен киім жасап, оларды киіндірді. онда бар адамзат бірден құрып, пенде атаулы топыраққа қайта айналар еді. Неден жаратылдық, соны түгел біледі,Топырақтан екеніміз Оның есінде. Ал бет-жүзіңді жасырсаң әбігерге қалар,Жанын алсаң өліп, топыраққа айналар. Рухыңның лебін жіберіп, өмір жаратасың,Жер бетін қайтадан толтырып, жаңартасың. Демі бітіп, жерге қайта оралады,Сол күні-ақ ой-ниеті ада болады. Өйткені адам баласының да, хайуанның да ұшырайтын тағдыры бірдей: адамның өлетініндей, хайуан да өледі. Екеуінің де кеудесінде тіршілік лебі бар, осы жағынан адамның хайуаннан артықшылығы жоқ. Себебі олардың бәрі де өткінші. Барлығының да барар жері біреу: бәрі де топырақтан жаратылған және қайтадан топыраққа айналады. Адам баласының жанының көкке көтерілетінін, ал хайуанның жанының төменге, жер қойнына кететінін кім біледі?» Мынау Жаратқан Иенің Исраил елі жайлы айтқан ауыр хабары: Аспанды жайып жіберіп, жердің негізін қалаған, адамның денесінде рухын қалыптастырған Жаратқан Ие мынаны айтады:
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Выбор основного перевода