Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Сонда мен іштей: «Құдай әділді де, зұлымды да сотында тексеретін болады. Өйткені сол жайттардағы әрбір ой-ниеттің және әрбір істің сыналып тексерілетін уақыты бар», — дедім. Уа, жасөспірім, жас кезіңде көңіл көтер, сен нені қалап, өзіңе не ұнаса, соны істей бер. Әйтсе де бар істерің үшін Құдайға жауап беретініңді есіңнен шығарма! Сонымен олардан қорықпаңдар! Ашылмайтын сыр, білінбейтін құпия болмайды. Сендерге шын айтамын: адамдар өздері айтқан әрбір жағымсыз сөздері үшін қиямет сотында жауап береді. Ал адамдардың бәрінің жасырын істері мен ойларына үкімді Құдай қиямет соты күні Иса Мәсіх арқылы шығарады. Мен уағыздап жүрген Ізгі хабар осыны білдіреді. Сондықтан уақыты келместен бұрын айыптауға асықпай, Иеміздің қайта оралуын күтіңдер! Ол әзірше қараңғыға жасырылғанды әшкерелеп, жүрегіміздің ой-ниеттерін ашып көрсетеді. Сол кезде Құдай әрқайсымызға лайықты мақтауын береді. Барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, әшкереленуге тиіспіз ғой. Сонда әрқайсымыз тәндік өміріміздегі іс-әрекетіміздің жақсы-жамандығына қарай лайықты бағамызды алатын боламыз.
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Выбор основного перевода