Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Параллельные места
Бірақ осы күндері, қысқа ғана уақыттан бері, Құдай Иеміз зор шапағатын көрсетіп келеді. Ол халқымыздан бірқатарымызды тірі алып қалып, Өзінің киелі үйінен бізге берік орын берді. Сөйтіп Құдайымыз құлдықта жүрген біздің еңсемізді аздап көтеріп, көзімізді жарқыратып келеді. Ефрем, Бунямин, Манаса руларыныңКөз алдында зор күшіңді көрсетші,Өзің келіп, бізді құтқарсаң етті! Мен оны ағашқа қаққан ілмектей мықтап бекітемін. Ол әкесінің отбасына атақ-даңқ әкеледі. Әкесінің әулеті оның арқасында абыройлы болмақ. Әкесінің барлық үрім-бұтағы да ілмекке ілінген қыш құмыра не тостаған іспетті оған байлаулы болмақ». Алайда Әлемнің Иесі тағы мынаны айтады: «Мықтап бекітілген осы ілмек күндердің күнінде босап кетіп, құлап түседі. Оған ілінген барлық жүк те онымен бірге құлап түсетін болады». — Жаратқан Ие осыны кесіп айтты. «Ақымақтардың мақтау өлеңдерінен гөрі дананың сөгісін тыңдаған артық». Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады. Халық мұны естігенде жүректері қарс айырылып, опық жеді. Олар Петір мен басқа елшілерден:— Ағайындар-ау, біз енді не істеуіміз керек? — деп сұрады. Себебі Құдайдың сөзі тірі, әсері де күшті. Ол екі жүзді семсердің қайсысынан да өткір! Құдайдың сөзі бойымызға терең еніп, жан мен рухты айырып, буын мен жұлынға жеткен іспетті, жүрегіміздің түкпіріндегі ой-ниетімізді де әшкерелеп, бағалайды.
Екклесиаст
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Выбор основного перевода