Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бүкіл жер бетінде Сенің жолың мәлім болсын,Барлық халықтарға құтқаруың аян болсын! Ол Исраилге деген мейірімін де,Сенімділігін де сақтайды есінде.Құдайымыздың құтқаруын көрдіЖер бетінің түкпірлеріндегілер де. Сонда Жаратқан Иенің ұлылығыБар адамзатқа көрінетін болады,(Оның өз халқын құтқарып алғанын)Барлығы да ап-анық көре алады.Себебі Жаратқан Иенің ӨзіОсы бұйрықтарды шығарған еді». Тыңдап тұрғандар Исаға:— Ол зұлымдарды азаптап өлтіріп, бағын басқаларға тапсырмақ. Солар мерзімі жеткенде оған тиісті өнімін беретін болады, — деп жауап берді. Сондықтан да сіздерге айтамын: Құдай өз Патшалығын сіздерден тартып алып, басқа бір халыққа тапсырмақ! Олар оның өнімін беріп тұратын болады. Сонда бар адамзат көре аладыҚұдай Ие жіберген құтқаруды! Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп былай деді:— Құдайдың Ізгі хабарын алдымен сендерге уағыздауымыз керек еді. Алайда оны қабылдамай, өздеріңді мәңгілік өмірге лайықты санамайтын болсаңдар, онда басқа ұлттарға бет бұрамыз! Себебі Жаратқан Ие бізге мынадай әмір берді: Сені басқа ұлттар үшін де жарық нұр болуға белгіледім. Сонда жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарға Мен дайындаған құтқарылу жолын жария етесің! Ал яһудилер оған қарсы шығып, тіл тигізгеннен кейін, Пауыл үстіндегі киімдерінің шаң-тозаңын қағып тастап, оларға былай деді: «Қандарың өз мойындарыңда! Менің ар-ұжданым таза! Қазірден бастап басқа ұлттарға барамын». Сені өз халқыңа да, басқа ұлттарға да жіберемін әрі олардың жасайтын қастандықтарынан құтқарамын: олар қара түнектен нұрға, әзәзіл шайтанның құлдығынан Құдайға бет бұрулары үшін сен олардың көздерін аш! Сонда олар Маған сеніп, күнәлары кешіріліп, Құдай халқының арасынан өз орындарын алады», — деді. Мен Ізгі хабар үшін еш ұялмаймын, ол — Мәсіхке сенетін барлық адамдарды, алдымен яһудилерді, сондай-ақ басқа ұлт адамдарын да құтқаратын Құдайдың құдіреті! «Ал енді, яһудилер Мәсіхті қабылдамай күнә жасағанда Құдайдан біржола ажырап кетті ме?» — деп сұрасам деймін. Жоқ, мүлдем олай емес! Алайда олардың безіп кетуі арқылы басқа халықтарға құтқарылу жолы ашылды. Құдай осылай исраилдіктердің қызғанышын оятпақ.
Выбор основного перевода