Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
мыңбасы Пауылды қамалға кіргізсін деп бұйырды. Оны қамшылап соғып, халық неге айқайлап қарсы болып жатқанын одан сұрастырып біліп алуға әмір етті. Сонда аңғарғаным, олар мұны өз заңдары туралы даулы мәселелерге бола айыптайды екен. Бірақ оған өлім жазасына кесетіндей немесе түрмеге жабатындай ешбір кінә таққан жоқ. Ал мен оның өлім жазасына кесер қылмысы жоқ деп таптым. Бірақ өзі римдік патшаның сотын талап еткендіктен, оны соған жөнелтпек болып шештім. Олар шығып бара жатқанда, бір-біріне:— Мына кісі не өлімге кесер, не түрмеге жабар қылмыс жасаған жоқ, — десті. Агриппа да Фестке:— Римдегі патша сотын талап етпегенде, мұны босатып жіберуге болар еді, — деді.
Выбор основного перевода