Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Біз оның былай дегенін естідік: «Назареттік Иса осы орынды жойып, Мұса тапсырған дәстүрлерді өзгертеді!» Бірақ яһудилер басқа ұлттардың Құдайды қастерлейтін беделді әйелдері мен қала басшыларын Пауыл мен Барнабаға қарсы арандатып қойды. Олар екі елшіні қудалап, сол өңірден қуды. Мыңбасы жақындап келіп, Пауылды тұтқынға алды да, екі шынжырмен қол-аяғын бұғаулауға бұйырды. Бұдан кейін адамдардан Пауылдың кім екенін, оның не істегенін сұрады. Не ғибадатханада, не мәжілісханаларда, не қалада ешкім менің біреумен айтысып тұрғанымды, я болмаса, ел ішіне іріткі салып жүргенімді көрген емес. Айыптаушылар маған қазір таққан кінәларын еш дәлелдей алмайды. Ал Пауыл өзін ақтап сөйлеп былай деді:— Мен не яһуди халқының заңына, не ғибадатханаға, не римдік патшаға қарсы ешқандай қылмыс жасаған жоқпын!
Выбор основного перевода