Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күндерің тамамданып, ата-бабаларыңның қасына жөнелгеніңде Мен артыңнан бір ұрпағыңды: өз ұлдарыңның біреуін тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын. Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. «Мен таңдаулыммен Келісім жасадым,Қызметшім Дәуітке былай деп ант бердім: Әулетіңді әрқашан да нығайтамын,Ұрпақтан ұрпаққа тағыңды орнатамын». Дәуітке былай деп ант берді Жаратқан,Шынайы сертін бұзбайды Ол ешқашан:«Бір ұрпағыңды өзіңнен тарағанМен сенің тағыңа отырғызамын. Бұл Ізгі хабарда Құдайдың рухани Ұлы туралы сөз болады. Ол адам ретінде Дәуіт пайғамбардың әулетінен шыққан еді.
Выбор основного перевода