Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонымен Дәуіт көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелді. Оның мәйіті Иерусалимдегі Дәуіттің шаһарында қабірге қойылды. Шаллумнан кейін Бет-Сұрдың жарты ауданының әкімі — Азбұқ ұлы Нехемия қабырғаның Дәуіт әулетінің қабірлеріне қарама-қарсы жатқан жерінен бастап, қолдан жасалған тоған мен Батырлар тұрағына дейінгі аралығын жөндеп бекітті. Сол кезде Құдай Ыбырайыммен қасиетті Келісім жасап, сүндеттеу рәсімін соның белгісі қылды. Сондықтан Ыбырайым ұлы Ысқақ туғаннан кейін сегізінші күні оны сүндеттеді. Ысқақтан Жақып туып, Жақып (біздің халқымыздың) он екі рубасының әкесі болды. Ал солар қызғаныштан (туған бауырлары) Жүсіпті Мысырға сатып жібереді. Бірақ Құдай жар болып, оны басына түскен қиыншылықтың бәрінен құтқарады. (Ал Дәуіттің осы сөздері өзі туралы емес еді.) Себебі Дәуіт кезінде Құдайдың еркі бойынша халқына қызмет еткен соң дүниеден өтіп, ата-бабаларының қасына қойылып, денесі шіріп кетті.
Выбор основного перевода