Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көктен келген Мен Киелі жазбаларда Өзім туралы алдын ала айтылған жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін адам қасіретке қалады-ау! Сол кісі үшін ешқашан дүниеге келмегені жақсы болар еді! — деді Иса. Көктен келген Мен алдын ала белгіленген жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін кісі қасіретке қалады! — деді Иса. Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы, яғни біздің ата-бабаларымыздың сиынған Құдайы, Өзінің Қызметшісі Исаны ұлылыққа бөледі. Соны Пилат босатып жібермекші болған еді. Бірақ сендер опасыздық жасап, Пилаттың алдында Одан танып бас тарттыңдар. Ал Құдай барлық пайғамбарлардың аузымен Өзі жіберетін Құтқарушы Мәсіх сондай азаптар шегеді деп алдын ала жариялатқан хабарларын осылайша жүзеге асырды. Алайда олардың іске асырғаны — Сенің құдіретті еркің алдын ала белгілеген жоспарың ғана. Құдай әлемді жаратпастан бұрын-ақ Мәсіхті бұл мақсатқа таңдап белгілеп еді, ал заманның аяғында Оны сендер үшін ашық көрсетті.
Выбор основного перевода