Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сондықтан Яһудадан Бабылға жер аударылып келгендер арасында: «Бабыл патшасы отпен өртеген Седекиях пен Ахаб сияқты, Жаратқан Ие саған да солай істесін!» деген теріс бата берілмек. Кімде-кім басын жерге жеткенше иіп тағзым етпесе, сол лаулап жанып тұрған пешке лақтырылсын!» — деп әмір еткен едіңіз ғой. Ендеше мойынсұнуға дайын болсаңдар, онда керней, сыбызғы, домбыра, жетіген, шертер, сырнай және өзге де аспаптарда орындалған күйлерді ести сала, бастарыңды жерге жеткенше иіп, өзім жасатқан алтын мүсінге тағзым етіңдер! Бірақ егер иіліп тағзым етпесеңдер, бірден лаулап жанып тұрған пешке лақтырыласыңдар! Сонда қандай құдай сендерді менің қолымнан құтқарып алар екен?! Осылай үшеуі шапандары, шалбарлары, сәлделері және басқа да киімдерімен байланған күйлері лаулап жанып тұрған пештің ішіне лақтырылды. Екінші айуанға осы мүсінге өз рухын енгізетін күш-қуат берілді. Осылайша мүсін тіпті сөйлеп, өзіне табынбайтындардың бәрін өлтірте алатын болды. Олардың азабының түтіні мәңгі шығып жатпақ. Айуанға және оның мүсініне табынып және айуанның есімінің таңбасын қабылдағандарға күні-түні тыным болмайды.
Выбор основного перевода