Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
(Дәуіттің жыры.)Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да,Кімнен мен қорқамын солай болғанда?Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да,Кімнен үрейленемін солай болғанда? Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса,Қарсылас, жауларым маған бас салса,Өздері-ақ сүрініп, жығылады да. Адамдарды басымызға шығардың,Оттан да, судан да бізді өткіздің,Ал ақыры молшылыққа жеткіздің. Сондай зор Сенің маған түсірген шапағатың,О дүниенің тұңғиығынан аман сақтадың! Әрдайым ойын Саған бағыттағанӘрі сенімін бір Өзіңе артқанЖанды сақтайсың Сен тыныш, аман. Жаратқан Иеге сеніңдер әрқашан,Құдай жартастай берік, мәңгі қорған. Мен сені осы халық үшін қабырғадай, иә, бекіністі қола қабырғадай берік етемін. Олар сенімен күрессе де, сені жеңе алмайды, өйткені Мен саған жар болып, өзіңді құтқарып, аман сақтайтын боламын! Осы уәдені берген Мен Жаратқан Иемін. Сені Өзім зұлымдардың қолынан құтқарып, қатыгез адамдардың шеңгелінен арашалап аламын. Мұндай қорқынышты ажал қаупінен Ол бізді құтқарып алды және әлі де құтқаруда; сондай-ақ болашақта да құтқаратын болады деп Оған нық сенім артамыз.
Выбор основного перевода