Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Алайда перғауын:— Мен айтқанына құлақ асып, исраилдіктерді жіберетіндей «Жаратқан Ие» деген кім? Мен «Жаратқан Иені» білмеймін де, Исраил халқын жібермеймін де, — деп жауап қатты. Осы елдердің барлық тәңірлерінің қайсысы өз елін менің қолымнан құтқарып қалған еді? Ендеше Жаратқан Ие Иерусалимді менің қолымнан құтқарып алмақшы ма?! Тек Езекия «Жаратқан Ие бізді құтқарады» деп сендерді еліктірмесін! Әлде басқа халықтардың қандай да бір тәңірі өз елін Ассур патшасының қолынан құтқара алып па еді?! Хамат пен Арпадтың тәңірлері қайда? Сепар-Уаймның тәңірлері қайда? Әлде бірде-бір тәңір Самарияны менің қолымнан аман алып қала алды ма? Осы елдердің барлық тәңірлерінің қайсысы өз елін менің қолымнан құтқарып қалған еді? Ендеше Жаратқан Ие Иерусалимді менің қолымнан құтқарып алмақшы ма?! Даниялға былай деді: «Сен осы құпияны аша алғандықтан, сиынатын Құдайыңның шынымен барлық тәңір атаулының үстіндегі Құдай әрі патшалардың Иесі екеніне көзім жетіп отыр!» Апанға жақындап қалғанда мұңды дауыспен:— Ей, Даниял, тірі Құдайдың құлы! Өзің үздіксіз қызмет етіп келген Құдайың сені арыстандардан құтқара алды ма? — деп сұрады. Ол Құдайға үмітін артқан екен. Егер Құдай Оған разы болса, қазір-ақ Оны құтқарып алсын! Өйткені Ол Өзін Құдайдың рухани Ұлымын деді ғой», — десті.
Выбор основного перевода