Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бірақ егер Мені тыңдамай, осы өсиеттердің барлығын орындамасаңдар Осылайша осы елді қаңыратып бос қалдырамын. Сонда келіп, қоныстанған дұшпандарың мұны көргенде аң-таң болып жандары түршігетін болады. Алайда егер сендер Құдайларың Жаратқан Иенің айтқандарына құлақ аспай, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның өсиеттері мен ережелерін сақтап орындамасаңдар, онда төмендегі барлық қарғыстарға ұшырайсыңдар: Бұрын Жаратқан Ие сендерге жақсылық жасауды, сандарыңды көбейтуді қалай ұнатқан болса, енді Ол сендерді құртып, жоқ қылуды да солай ұнататын болады. Осылай сендер қазір кіріп, иемденгелі тұрған елдеріңнен түпкілікті аластатыласыңдар. Сонымен қатар, Жаратқан Ие сендерді барлық халықтардың арасына шашыратып, жер бетінің бір шетінен келесі шетіне дейін бытыратып жібереді. Сол жерлерде сендер өздерің де, ата-бабаларың да еш білмеген бөгде тәңірлерге: ағаштан, тастан жасалған тәңірсымақтарға құлшылық ететін боласыңдар. Аймақ әміршілері, қолбасшылар, әкімдер және патшаның кеңесшілері үш жігітті айналдыра жиналып, оттың оларға ешқандай зиян тигізбегеніне көздері жетті. Үшеуінің шаштары да күймепті, шапандары да өртенбепті, тіпті оттың иісі де оларға сіңбепті! Сонда Набуходоносор дауыстап былай деді:— Шадырақ, Мисақ, Әбдінего сиынған Құдай мадақталсын! Ол періштесін жіберіп, Өзінің қызметшілерін құтқарып алып қалды. Олар өздері сиынған Құдайға толық сенім артып, өзге тәңірге ғибадат етіп табынудан бас тартты, әрі патшаның бұйрығына бағынбай, тіпті өмірлерін қиюға да дайын болды!
Выбор основного перевода