Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Нөкерлердің өздері де найзағайдың жарқылындай әрлі-берлі зымырап жүрді. Төрт дөңгелек зүбәржат асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. Төртеуінің де сыртқы түрі мен жасалуы бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды. Нөкерлер қозғалғанда, мен қатты ағып жатқан судың гүріліндей, құдіреті шексіз Құдайдың дауысындай, әрі зор әскердің тұрағындағы ұрандаған атойдай қанаттарының сусылын естідім. Нөкерлер тоқтағанда қанаттарын түсіріп отырды. Сонда Оның сыртқы түрі үш елшісінің көз алдарында өзгеріске түсті: бет-әлпеті күндей жарқырап, киімдері нұрланып аппақ сәуле шашты. Оның сырт көрінісі найзағай іспетті, ал киімі қардай аппақ еді. Оның басындағы шашы ақ мамықтай әрі қардай аппақ, ал көздері оттай жалындап жатты. Аяқтары пеште балқыған қоладай жалтырап, даусы сарқырап аққан судың гүріліндей естілді. Оның оң қолында ұстаған жеті жұлдызы бар екен. Аузынан екі жүзі де өткір семсер шығып, беті тал түстегі күндей нұрын төгіп тұрды. Тиятирдағы қауымның періштесіне былай деп жаз:Бұл — Құдайдың рухани Ұлынан хабар. Оның көздері оттай жалындап, аяқтары балқыған қоладай жалтырайды. Содан кейін мен жиналған көптеген халықтың зор дауыстарын тағы да естідім. Олар сарқырап аласұрған судың гүрілі мен қатты күн күркіріне ұқсап, былай деп айқайлады:«Жаратқан Иені мадақтаңдар! Себебі біздің Құдайымыз — Жаратқан Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі Патшалық құруда.
Выбор основного перевода