Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ал парсы патшалығының рухани әміршісі маған жиырма бір күн бойы қарсы шығып, жолымды бөгеді. Сонда бас періштелердің бірі, Михайл, маған көмекке келді. Себебі парсы патшасы мені жібермей бөгеп жатты. Ал енді, мен саған болашақта шынымен орын алатын оқиғаларды көрсетемін. Персияда тағы үш патша билік құрады, ал төртіншісі бұрынғылардан әлдеқайда бай болады. Ол сол байлығымен күш жинап, барлық адамдарын Грекия патшалығына қарсы аттандырады. Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады. Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады. — (Маған келген хабаршы айтқандарын осылай тамамдады.)
Выбор основного перевода