Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Ал Жаратқан Ие оны:— Саған амандық болсын! Қорықпа, содан өлмейсің, — деп жігерлендірді. Сен жалбарына бастаған кезде-ақ жауап берілген еді. Қазір соны саған жеткізуге келіп отырмын, себебі сен Құдайға өте ұнамдысың. Сондықтан мынаған көңіліңді бөліп, көріністің мағынасын ұғып ал: Сол хабаршы былай деді:— Уа, Даниял, Құдайға өте ұнамды жан, айтатын сөздерімді мұқият тыңдап, ұғып ал! Мен саған жіберілдім, енді түрегел! — Ол осыны айтып жатқанда мен дірілдеп орнымнан тұрдым. Содан соң ол сөзін жалғастырып былай деді:— Қорықпа, Даниял. Себебі сен сол мәселені түсінуге ұмтылып, Құдайыңа мойынсұнып сиына бастаған алғашқы күні-ақ мінажатың Құдайдың құлағына жеткен еді. Мен осында сол мінажатыңа бола келіп отырмын. Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын
Выбор основного перевода