Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сол күндері мен, Даниял, үш апта бойы қайғырып, дәмді тағамдардан, ет пен шараптан бас тарттым. Сонымен қатар толық үш апта бойы денеме иісмай жақпадым. Оның жауабы мынау болды:— Менің өзіңе неге келгенімді білесің бе? Жуырда мен Персияның рухани әміршісімен күресуге қайтып барамын. Мен кеткеннен кейін Грекияның рухани әміршісі де келетін болады. Бірақ алдымен мен саған «Ақиқат кітабында» не жазылғанын айтып беремін. Сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайлдан өзге сол рухани әміршілерге қарсы тұрып, мені қолдап-қуаттайтын ешкім болмайды. Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады. Ал тіпті бас періште Михайл Мұса пайғамбардың мәйіті туралы шайтанмен айтысқанда, оны балағат сөзбен айыптауға дәті бармады. Ол «Жаратқан Ие саған жазаңды тартқызсын!» — деп қана қойды. Сонда көкте соғыс бұрқ ете түсті. Михайл мен оның қол астындағы періштелері айдаһарға қарсы аттанды. Айдаһар өз нөкерлерімен бірге оларға қарсы шайқасты,
Выбор основного перевода