Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Елдің жері жеребе арқылы үлестірілсін. Ол әркімге өзінің әкесінің руының аты бойынша беріледі. Бір күні Салопахадтың қыздары: Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса жамағаттың алдына шықты. Олардың әкесі Салопахад Хефердің ұлы, Ғилақадтың немересі, Махырдың шөбересі еді, ол Жүсіптің ұлы Манасаның руына жататын. Оның жерін жеребе тастап әулеттерің бойынша өзара бөлісіп алыңдар. Халқының саны көп әулетке көбірек, ал халқының саны аз әулетке азырақ жер берілетін болсын. Жеребе бойынша кімге қай жер үлесіне тиген болса, сол жер онікі болады. Жерді сендердің ата-бабаларыңнан тараған руларың бойынша бөлісіп, мұралық меншіктерің ретінде иемденіп алыңдар. Ал Манасаның шөпшегі, Махырдың шөбересі, Ғилақадтың немересі, Хефер ұлы Салопахадта ұл болмай, Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса атты қыздары ғана болды. Бұлар діни қызметкер Елазардың, Нұн ұлы Ешуаның және елдің басқа да басқарушыларының алдына келіп: «Ағайындарымызға берілгендей, мұралық жер бізге де берілсін деп Жаратқан Ие Мұсаға бұйырған еді ғой», — деді. Осылайша Жаратқан Иенің бұйрығына сай, оларға мұралық жер әкелерінің еркек кіндікті туысқандары қатарлы берілді.
Выбор основного перевода