Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің Синай тауында Мұса арқылы Исраил халқымен (жасаған Келісімінде) белгілеген ережелері, шешімдері және заңдары, міне, осылар. Жаратқан Иенің Синай тауында Исраил халқына Мұса пайғамбар арқылы табыстаған бұйрықтары, міне, осылар. Содан соң исраилдіктер көшіп барып, Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің бойындағы Моабтың елсіз алқаптарына орналасты. Сол кезде бүкіл Исраил халқы Иерихон қаласына қарама-қарсы, Иордан өзенінің жағасындағы Моабтың елсіз алқаптарында қостарын тігіп аялдаған еді. Сонда Мұса мен діни қызметкер Елазар оларға былай деп жариялады: Жаратқан Ие сол жерде, Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында, Мұсаға тіл қатып былай деді: Жаратқан Ие Мұсаға Иерихонға қарама-қарсы, Иорданның жағалауындағы Моабтың елсіз алқаптарында тіл қатып былай деді:
Выбор основного перевода