Манасаның ұрпақтары: Махырдан махырлықтар тарады. Махыр Ғилақадтың әкесі болатын, әрі Ғилақадтан ғилақадтықтар тарады.
Бір күні Салопахадтың қыздары: Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса жамағаттың алдына шықты. Олардың әкесі Салопахад Хефердің ұлы, Ғилақадтың немересі, Махырдың шөбересі еді, ол Жүсіптің ұлы Манасаның руына жататын.