Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Діни қызметкер Һарон мен оның ұлдарына мына бұйрықты жеткіз: Шалынып түгелдей өртелетін құрбандық туралы нұсқаулар мынадай: Осы құрбандық өртеліп жатқанда құрбандық үстелінің үстінде түні бойы таң атқанша қалуы керек. Құрбандық үстеліндегі от өшіп қалмай, түні бойы жанып тұрсын. Оларға тағы мынаны айт: Жаратқан Иеге арнап түгелдей өртелетін құрбандық ретінде күн сайын мінсіз бір жасар екі тоқтыдан әкеліп отырыңдар. Бірінші тоқтыны таңертең, екіншісін кешке қарай шалып, өртеп ұсыныңдар. Бұған қоса пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын төрт жарым қадақ ең таза зәйтүн майымен араластырып, астық тартуы ретінде ұсыну керек. Бұл — Синай тауында бұйырылған, Жаратқан Иеге түгелдей өртелу арқылы ұсынылатын, Оған ұнамды да хош иісті әрі тұрақты тарту. Әрбір тоқтымен бірге сұйық тарту да ұсынылсын. Ол екі жарым қадақ ашыған сусын болсын. Сұйық тарту киелі орында Жаратқан Иеге арнап құйылып ұсынылсын. Ал екінші тоқтыны кешке қарай бірінші тоқты сияқты ұсынып, оған тиісті астық, сұйық тартуларын да дәл таңертең істегендеріңдей ұсынуларың керек. Бұл да Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған, Оған ұнамды да хош иісті тарту болмақ. Әр айдың бірінші күні Жаратқан Иеге арналған шалынып, түгелдей өртелетін құрбандық ретінде екі жас бұқа, бір қошқар, бір жасар жеті тоқты шалыңдар. Олардың барлығы да мінсіз болсын. Оларға тиісті астық тартуын: әрбір құрбандық бұқа үшін пұттың оннан үш бөлігі, әрбір құрбандық қошқар үшін пұттың оннан екі бөлігі, әрбір құрбандық тоқты үшін пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар. Бұлар Жаратқан Иеге түгелдей өртеліп ұсынылатын, хош иісті де ұнамды тартулар. Осы құрбандықтарға тиісті сұйық тартулар мынадай болады: әр бұқаға — сегіз қадақ, әр қошқарға — бес қадақ, әр тоқтыға — екі жарым қадақ мөлшеріндегі шарап. Жыл бойы, әр ай сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтардың ұсынылу тәртібі осындай. Әр айдың бірінші күні Жаратқан Иеге күнәнің құнын өтейтін құрбандық ретінде бір теке шалынсын. Ол күн сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандыққа және оған тиісті сұйық тартуына қоса ұсынылады.
Выбор основного перевода