Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! Бидайдың алғашқы өнімін жинарда Жеті апта мейрамын, ал жылдың аяғында Сабантой мейрамын мерекелеңдер! — Исраил халқына мынаны жеткіз: жетінші айдың бірінші күні демалып, Жаратқан Иеге бағышталған жиналыс өткізіңдер. Мейрамның басталуын керней тартып жариялаңдар. Сол күні еңбектеніп жұмыс істемеңдер, Жаратқан Иеге өртеу арқылы тарту ұсыныңдар. Сендер қуана той тойлағанда, белгіленген мейрамдарыңды өткізген уақыттарыңда, әр айдың бірінші күні, түгелдей өртелетін және Жаратқан Иемен қарым-қатынастарыңа ризашылық білдіретін құрбандықтарыңды ұсынған кездеріңде де, кернейлеріңді тартыңдар! Сонда Мен сендерді ерекше ескеретін боламын. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін».
Выбор основного перевода