Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әрқайсыларың әкелген құрбандық малдарыңның санына қарай осылай істеңдер. Әрбір тоқтымен бірге сұйық тарту да ұсынылсын. Ол екі жарым қадақ ашыған сусын болсын. Сұйық тарту киелі орында Жаратқан Иеге арнап құйылып ұсынылсын. Осы құрбандықтарға тиісті сұйық тартулар мынадай болады: әр бұқаға — сегіз қадақ, әр қошқарға — бес қадақ, әр тоқтыға — екі жарым қадақ мөлшеріндегі шарап. Жыл бойы, әр ай сайын шалынып, түгелдей өртелетін құрбандықтардың ұсынылу тәртібі осындай. Оларға тиісті астық тартуын: жас бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі және жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар. Оларға тиісті астық тартуын: жас бұқа үшін — пұттың оннан үш бөлігі, қошқар үшін — пұттың оннан екі бөлігі, жеті тоқтының әрқайсысы үшін — пұттың оннан бір бөлігі мөлшеріндегі таңдаулы бидай ұнын зәйтүн майымен араластырып, ұсыныңдар.
Выбор основного перевода