Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари. Тараған тармақтары бойынша берілген Леуінің ұрпақтарының аттары мыналар: Герсон, Қахат, Мерари. Леуі жүз отыз жеті жыл өмір сүрді. Герсонның үрім-бұтағы: Лібіни, Шимей және олардан тараған ұрпақтары. Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Қахат жүз отыз үш жыл жасады. Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши. Бұл — Леуінің тармақтары бойынша берілген үрім-бұтағы. Леуінің ұлдары: Герсон, Қахат, Мерари. Сонымен Леуінің ұлдары Герсон, Қахат, Мерари болды. Герсонның ұрпақтары: Лібіни мен Шимей. Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши.Түп аталарына сәйкес леуіліктердің әулеттері мыналар: Герсонның үрім-бұтағындағы Лібіниден өрбіген ұрпақтар: Лібіниден Яхат, одан Зиммах, одан Жоғах, одан Иддо, одан Зарах, одан Иятырай. Қахаттың үрім-бұтағындағы Әминадаптан өрбіген ұрпақтар: Әминадаптан Қорах, одан Асир, одан Елқанах, одан Әбиясаф, одан Асир, одан Тахат, одан Ұриел, одан Ұзиях, одан Саул. Елқанахтың ұрпақтарына Амасай мен Ахимот жатты. Ахимоттан өрбіген ұрпақтар: Ахимоттан Елқанах, одан Сұф, одан Нахат, одан Елияп, одан Ерохам, одан Елқанах, одан Самуил (пайғамбар). Самуилдің ұлдары: тұңғышы Жоел мен екіншісі Абиях. Мераридің үрім-бұтағындағы Мәхлиден өрбіген ұрпақтар: Мәхлиден Лібіни, одан Шимей, одан Ұза, одан Шима, одан Хагиях, одан Асаях.
Выбор основного перевода