Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мысырға көшіп барған Исраилдің (яғни Жақыптың) ұлдарының аттары төмендегідей:Жақыптың тұңғыш ұлының аты Рубен. Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Исраилдің басты руларының басшылары мыналар: Исраилдің тұңғышы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Бұлар Рубеннің үрім-бұтағы. Исраилдің тұңғыш ұлы Рубен болды. Алайда Рубен әкесінің кәнизагымен жақындасып, әке төсегін арамдағаны себепті оның тұңғыштық жолы Исраилдің басқа ұлы Жүсіптің екі ұлына берілді. Сондықтан да шежіре жазбаларында Рубен тұңғыш ұл ретінде тіркелмеген. Исраилдің он екі ұлының ішіндегі ең күштісі Яһуда болды, әрі сол рудан халықтың көсемі Дәуіт шықты. Бірақ тұңғыштық жол Жүсіптікі. Исраилдің ең үлкен ұлы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми.
Выбор основного перевода