Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Манасаның ұрпақтары: Манасаның арамалық кәнизагы Асриел мен Махырды туды. Махыр Ғилақадтың әкесі болды. Махыр Хупим мен Шупимнің қарындасы Махаға үйленді.Манасадан тараған тағы бір ұрпақтың аты: Салопахад; оның тек қыздары болды. Махырдың әйелі Маха ұл туып, атын Переш деп қойды. Оның інісінің аты: Шереш. Шерештің Ұлам мен Рекем есімді ұлдары болды. Ұламның ұлы: Бедан. Осылар Манасаның ұрпағы Махыр ұлы Ғилақадтың ұрпақтары болып саналды. Махырдың қарындасы Молехет Ишход, Әбиезер, Махланы туды. Шемиданың ұлдары: Ахиан, Сихем, Лихи, Аниям.
Выбор основного перевода