Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Халықты Мысырдан шығарған — Құдайдың Өзі,Жабайы бұқаның мүйізіндей оның күші. Ана арыстандай халық өрлеп шығады,Дәу арыстандай ол орнынан тұрады,Олжасын жалмап, қанын ішіп тояды,Содан соң ғана жатып, тыным табады. Сен жауларды темір таяқпен ұрасың.Лақтырып сындырғандай қыш ыдыстарын,Талқандап құртасың өз қиқарлықтарын». Жебелерің үшкір, олар патшаныңЖауларының жүрегіне дәл қадалсын,Барлық ұлттар да аяғыңа жығылсын. Өйткені Мен солтүстік жақтан үлкен халықтардың тобын Бабылға қарсы көтеріп, алып келемін. Солар Бабылға қарсы соғысуға шеп құрып орнығып, оны басып алады. Ал атқан жебелері шайқастан олжасыз оралмайтын тәжірибелі жауынгер сияқты дәл тиетін болады. Исраил арыстандар қуып, шашырап кеткен қой отары сияқты. Оны бірінші жалмаған Ассур патшасы болған еді, ал оның сүйегін кемірген соңғысы — Бабыл патшасы Набуходоносор.
Выбор основного перевода