Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие оларға тіл қатып былай деді: «Енді сөзіме құлақ салыңдар! Сендердің араларыңда пайғамбар бар болса, оған аян арқылы көрініп, түсінде онымен тілдесемін. Түнде Құдай тағы да Балағаммен кездесіп: «Мына адамдар сені шақыруға келген соң жолға жиналып, оларға еріп бара бер. Бірақ тек Менің айтқанымды ғана істейтін бол!» — деп бұйырды. Бұл жерде Саул сырт киімін шешіп тастап, Самуилдің алдында пайғамбар іспетті ерекше күйде болып, жерге құлап түсті. Бұл күні және түні бойы патша сырт киімсіз жатып шықты. Сол себептен де жұрт: «Саул да пайғамбарлардың қатарына қосылған ба?» деп айтады. Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді. Жәбірейіл мен тұрған жерге жақындап келгенде, қатты қорқып, иіліп, жерге етпетіммен жата кеттім. Ол маған: «Ей, пенде, бұл көріністің сол ауыр заманның ақыр соңы жайында екенін біліп қой», — деді. Мен Оны көргенде өлі адамдай алдына құлап түстім. Сонда Ол оң қолын үстіме қойып, былай деді: «Қорықпа! Мен Алғашқымын да Соңғымын
Выбор основного перевода