Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Яуанның ұрпақтары: Елиша, Тарсис, Киттим, Доданим. Япшінің ағасы Шамнан да ұлдар туған. Шам Еберден тараған барлық ұрпақтардың түп атасы еді. Еберден екі ұл туды: тұңғышының есімі Пелек (яғни «Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді. Балағам Амалек халқына көз салып мына нақыл сөзді айтты:«Амалек халықтардың алғашқысы еді,Бірақ ақыр соңында ол құрып бітеді». Себебі теңіздің батыс жағалауларындағы елден кемелер оған қарсы шығады. Содан солтүстіктің патшасы батылдығынан айырылып, еліне қарай кері шегінеді. Қатты ашуланған ол Құдаймен қасиетті Келісім жасаған Исраил халқына қаһарын төкпек болады. Сондықтан ол өз еліне қайта оралып бара жатқанда, қасиетті Келісімнен бас тартқандарға ықылас танытып, дем береді.
Выбор основного перевода