Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Исраилдіктердің әрқайсысы өз әулетінің таңбалары бар байрағының астында қоныстануға тиіс. Олар кездесу шатырынан біраз қашықтықта, оны айналдыра қостарын тіксін. Ел қонысының күншығыс жағында Яһуда руының тұрағы мен байрағы орналассын. Яһуданың рубасы — Әминадап ұлы Нағасон. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — жетпіс төрт мың алты жүз. Одан кейін Исашар руы қостарын тігеді. Исашардың рубасы — Суғар ұлы Нетанел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу төрт мың төрт жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Забулон. Забулонның рубасы — Хелон ұлы Елияп. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу жеті мың төрт жүз. Яһуда руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сексен алты мың төрт жүз. Исралдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көштің алдында жүретін болсын. Ел қонысының оңтүстік жағында Рубен руының тұрағы мен байрағы орналассын. Рубеннің ру басы — Шедеур ұлы Елисур. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық алты мың бес жүз. Одан кейін Шимон руы қостарын тігеді. Шимонның рубасы — Суришадай ұлы Шелумиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу тоғыз мың үш жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Ғад. Ғадтың рубасы — Рәгуел ұлы Әлиасаф. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық бес мың алты жүз елу. Рубен руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу бір мың төрт жүз елу. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында екінші болып жүретін болсын. Бұлардан кейін Леуі руы кездесу шатырын әрі өздерінің тұрағын басқа рулардың тұрақтарының арасында алып жүрулері керек. Олардың орналасу тәртібі қонған кезде қалай болса, көшкен кезде де дәл солай болып сақталсын. Әркім өз байрағының маңындағы орнында жүрсін. Ефрем руының тұрағы мен байрағы ел қонысының батыс жағында орналассын. Ефремнің рубасы — Амихуд ұлы Әлишама. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — қырық мың бес жүз. Одан кейін Манаса руы қостарын тігеді. Манасаның рубасы — Педасур ұлы Гамалиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз екі мың екі жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Бунямин. Буняминнің рубасы — Гидеони ұлы Абидан. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — отыз бес мың төрт жүз. Ефрем руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз сегіз мың бір жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру көш сапында үшінші болып жүретін болды. Дан руының тұрағы мен байрағы көштің солтүстік жағында орналассын. Данның рубасы — Амишадай ұлы Ахиезер. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — алпыс екі мың жеті жүз. Одан кейін Ашир руы қостарын тігеді. Аширдің рубасы — Охран ұлы Пагиел. Рудағы санақтан өткен жасақшылардың саны — қырық бір мың бес жүз. Сол тұрақтағы үшінші ру — Нафталим. Нафталимнің рубасы — Енан ұлы Ахира. Рудағы санақтан өткен жасақшылар саны — елу үш мың төрт жүз. Дан руының тұрағына жататын үш рудағы санақтан өткен жасақшылардың жалпы саны — жүз елу жеті мың алты жүз. Исраилдіктер қоныс аударғанда осы үш ру өз байрақтарының астында көштің соңында жүретін болды. Сонда Жаратқан Ие бұлт ішімен төмен түсіп, Мұсамен сөйлесті; Мұсаға қонған Рухтан алып, Оны сол жетпіс ақсақалға үлестіріп қондырды. Өздеріне Рух қона салысымен олар пайғамбар ретінде Құдайдың хабарын жеткізе бастады. Ал кейін олар бұларын тоқтатты. Ақсақалдар ретінде Елдад пен Модад деген екі адам да тізімге енгізілген болатын. Бірақ олар басқалармен бірге кездесу шатырына кірмей, қоныста қалып қойған еді. Алайда Рух оларға да қонып, екеуі қоныста пайғамбар ретінде Құдайдың сөзін жеткізді. Қызметші екеуі Гибеяға жеткенде бірден алдарынан пайғамбарлар тобы жолықты. Құдайдың Рухы кенеттен Саулға қонып, ол пайғамбарлардың арасында ерекше көңіл күйіне еніп, Құдайды мадақтай бастады. патша Дәуітті қолға түсіру үшін адамдарын жіберді. Бұлар келіп, ерекше көңіл күйіне түскен пайғамбарлар тобын және оларды бастап жүрген Самуилді көргенде, Құдайдың Рухы Саулдың адамдарына қонып, солар да ерекше күйге түсті. Сол жерге бара жатқан кезде Саулға да Құдайдың Рухы қонып, оны ерекше көңіл күйіне түсіріп, ол Рамақтағы Найотқа жеткенше солай болды. Дәуіт патша «Дәуіттің шаһары» деп аталатын Иерусалимнің көне қорғанында өзіне арнап бірнеше үй салып алды. Ол Құдайдың Келісім сандығына да бір орынды дайындап, шатыр тігіп қойды.
Выбор основного перевода