Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып, оларға былай деді:— Жаратқан Иеге менен және халқымнан бақаларды алып кете көрсін деп жалынып сиыныңдар. Содан кейін мен халықты Жаратқан Иеге арнап құрбандық шалып ғибадат ету үшін жіберемін. — Ал перғауын:— Сендерді Құдайларың Жаратқан Иеге арнап айдалада құрбандық шалуларың үшін жіберемін. Тек алысқа бармаңдар! Енді мен үшін сиыныңдар, — деп өтінді. Олар Самуилден өтініп:— Құдайыңыз — Жаратқан Иеге бізді өлтірмесін деп пенделеріңіз үшін сиына көріңізші, тақсыр. Жасаған басқа күнәларымызға қоса біз өз бетімізше патша талап етіп, тағы бір рет күнәға баттық, — деді. Сондықтан Амнон төсегінде жатып, қатты ауырғансыды. Патша оның халін білуге келгенде, Амнон одан: «Қарындасым Тамар келіп, менің көз алдымда бір-екі нан пісіріп берсінші. Оның қолынан жеп алайын», — деп өтінді. Құдай кейбіреулерін құртқанда,Басқалары Оған бет бұрды соңында,Өкініп, қайтты теріс жолдарынан,Сиына берді Құдайға таң азаннан.
Выбор основного перевода