Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін біз бұрылып, Башан аймағына жоғары қарай өрледік. Сонда Башанның патшасы Ог бүкіл жасағын ертіп бізбен шайқасуға Едірейге аттанды. Ал Жаратқан Ие маған: «Одан қорықпа! Себебі Мен оның өзін, бүкіл жасағы мен елін сенің қолыңа тапсырып отырмын. Аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихонға не істеген болсаң, оған да дәл соны істе!» — деді. Сонымен Құдайымыз Жаратқан Ие Ог патшаны да, оның бүкіл жасағын да біздің қолымызға тапсырып, олардың бір адамын да тірі қалдырмай қырып тастадық. Сол кезде Ог патшасының алпыс қаласын түгел басып алдық. Оның халқынан біз тартып алмаған бірде-бір қала қалмады. Огтың патшалық құрған Башан жеріндегі бүкіл Арғоп өлкесі де қолымызға түсті. Осы қалалардың барлығы биік қамалмен, қақпалар және кесе-көлденең бөренелермен бекітілген еді. Бұларға қоса ашық жатқан бекініссіз көптеген елді мекендері де болды. Біз Хешебон патшасы Сихонның халқына істегенді оларға да істеп, бәрін де біржола күйреттік: әрбір қаланы, ондағы еркек, әйел, бала-шаға демей түгелдей құрттық. Ал олардың барлық малдары мен дүние-мүліктерін олжалап алдық. яғни Аштарот пен Едірейде Башан жеріне билік құрған Огтың бүкіл патшалығын, қамтыды. Ог Рафаның ұрпақтары деп аталатын алыптар нәсілінен қалған соңғы адамдардың бірі еді. Мұса оларды да жеңіп, елден аластатқан болатын.
Выбор основного перевода