Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жерлерінің топырағы қандай: құнарлы ма, әлде құнарсыз ба? Онда ағаш өсе ме, жоқ па? Батыл да қайсар болып сол елдің жемістерінен де біраз алып келіңдер!» — Бұл жүзім піскен мезгіл болатын. Жіберілгендер елге өрлеп барып, оны Сін атты елсіз даладан бастап (солтүстіктегі) Лебо-Хаматқа қарай баратын жолдағы Рехоб аймағына дейін шарлап, барлап шықты. Сол кезде Қанахан елінің оңтүстік (Негев) бөлігінде тұрып жатқан Арадтың қанахандық патшасы исраилдіктердің көшінің елге жақындап қалғаны туралы естіді. Яһуда руы және Мұсаның кендік қайын атасының ұрпақтары «Құрма ағаштарының қаласы» Иерихоннан шығып, Арад қаласының оңтүстігінде жатқан Яһуданың елсіз даласына көшті де, сондағы халықтың арасына қоныстанды.
Выбор основного перевода