Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ Құдай Иеміз оны қолымызға табыстап, біз оны ұлдарымен және күллі жасақшыларымен бірге ойсырата жеңдік. Исраилдіктердің бұған дейін жеңіп шығып, Иорданның шығыс жағындағы Арнон аңғарынан Хермон тауына дейін, Иорданның алқабының шығыс жағындағы иен даланы қосқандағы жерлерін иемденіп алған патшалар мыналар: алғашқысы аморлықтардың Хешебонда тұрған патшасы Сихон еді. Ол Арнон аңғарының шетіндегі Арогерден және сол аңғардың ортасындағы қаладан бастап, аммондықтардың шекарасындағы Ябок өзеніне дейінгі аралықта билік құрды. Бұл аймақ — Ғилақад өлкесінің жартысы. Сен ата-бабаларымызға патшалықтар мен халықтарды табыстап, елдің шекараларын белгілеп бердің. Осылайша ата-бабаларымыз Хешебонның патшасы Сихонның және Башанның патшасы Огтың елдерін де иемденіп алды. Кейін көп халықтарды жеңіп шықты,Күшті патшалардың көздерін құртты: Аморлықтардың патшасы Сиғонды,Сондай-ақ Башанның патшасы Оқты,Қанаханның бар патшасын да құртты. Аморлықтар патшасы Сихонды жойды,Рақымы Оның мәңгіге ұласады, Әрі Башан патшасы Огты да жеңді,Рақымы Оның мәңгіге ұласады, Ал Мен ежелде халқымның көз алдында самырсындай биік, емендей мықты Амор халқын күйреткенмін. Сонда Мен оның төбесіндегі жемісі мен түбіндегі тамырын да біржола құртқан болатынмын.
Выбор основного перевода