Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ол бұларды діни қызмет атқарушы Һаронның ұлдарының біреуіне алып барсын. Діни қызметкер май құйылған ұнның бір уысын және барлық хош иісті шайырды алып, естелік бөлігі ретінде құрбандық үстелінде түтетіп өртеп жіберсін. Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған хош иісті де ұнамды тарту. Астық тартуының қалған бөлігі — Һарон мен оның ұлдарының үлесі. Ол — Жаратқан Иеге бағышталып, өртелу арқылы ұсынылған тартулардың ерекше киелі бөлігі. — Һаронға және оның ұлдарына мынаны айт: күнәнің құнын өтейтін құрбандық жайлы нұсқаулар мыналар. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық Жаратқан Иенің алдында, түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын орында шалынсын. Ол ерекше киелі. Күнәнің құнын өтейтін құрбандықты ұсынған діни қызметкер оның етін жесін. Оны кездесу шатырының ауласындағы киелі орында жеуі керек. Діни қызметкерлердің отбасыларындағы әрбір ер адамның сол құрбандықтың етін жеуіне болады. Оны киелі орында жесін, ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі. Күнәнің құнын өтейтін құрбандықтың ережесі қандай болса, айыпты өтейтін құрбандықтың ережесі де сондай: құрбандықтың еті адамның күнәсінің арамдығын тазартатын құрбандықты ұсынған діни қызметкерге тиісті. Кейін Мұса Һарон мен оның қалған ұлдары — Елазар мен Ітамарға тіл қатып былай деді:— Жаратқан Иеге өртелу арқылы ұсынылған тартулардан қалған астық тартуын алыңдар. Оны ашытқысыз дайындап, құрбандық үстелінің жанында жеңдер, себебі бұл — Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі тарту. Оны тек киелі орында ғана жеңдер! Бұл — Жаратқан Иеге өртелу арқылы жасалған тартулардан өзіңе және ұлдарыңа арналған үлес. Маған берілген бұйрық осындай. Діни қызметкер екінші еркек тоқтыны күнәнің құнын өтейтін құрбандық пен түгелдей өртелетін құрбандықтар шалынатын киелі орында шалсын. Күнәнің құнын өтейтін құрбандық сияқты, айыпты өтейтін құрбандық та діни қызметкерге тиісті; ол Жаратқан Иеге бағышталған ерекше киелі.
Выбор основного перевода