Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие Мұсаға тіл қатып былай деді: «Леуі руын алға шығарып, оларды діни қызметкер Һаронның алдына тұрғыз. Олар оған қызмет ететін болсын. Леуіліктер діни қызметкер Һарон және бүкіл халық үшін кездесу шатырының алдындағы күзету және қызмет ету жұмыстарын атқаратын болсын. Олар кездесу шатырының барлық құрал-жабдықтарына күтім жасап, осылай Исраил халқына жүктелген киелі шатырдағы қызмет ету міндетін орындайтын болады. Сонымен леуіліктерді Һарон мен оның ұлдарының қарауына тапсыр. Бүкіл Исраил халқының арасынан леуіліктер Һаронның құзырына тапсырылсын. Һаронды және оның ұлдарын діни қызметтерін атқаруға тағайында. Ал бөтен адам сол қызметті атқарамын деп жақындаса, өлтірілсін».
Выбор основного перевода