Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Астық тартуларыңның барлығына да тұз қос. Тұз Құдайыңның Келісімін есіңе салады. Оны астық тартуларыңның қайсыбіреуіне қоспай қойып жүрме! Қайта, олардың бәріне де тұз қосушы бол! Сондай-ақ, мыналар да сенікі: исраилдіктердің көтеріп не әрі-бері тербеп ұсынатын тартуларынан арнайы үлесті Мен саған және ұл-қыздарыңа сыйладым. Ол әрқашан солай болуы тиіс. Ондай сыйды отбасыңдағы тазару рәсімінен өткен әркім жей алады. Исраилдің сиынған Құдайы Жаратқан Иенің Дәуітпен ешқашан бұзылмайтын тұрақты Келісім жасағанын білмейтін бе едіңдер? Сол Келісім бойынша Жаратқан Ие Исраилге патшалық құруды Дәуітке және оның ұрпақтарына табыстады ғой!
Выбор основного перевода